Тренингтерді дайындау және өткізу: Қызметкерлердің коммуникациялар, сату және басқару салаларындағы машықтарын дамытуға бағдарланған білім бағдарламаларын жоспарлау және жасау;
Компанияның және қызметкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес, білім беретін іс-шараларды өткізу;
Тренингтердің тиімділігін бағалау және білім бағдарламаларына қажетті түзетулерді енгізу.
Фасилитация:
Қызметкерлердің коммуникациясын және бірлескен жұмысын жақсарту мақсатында, топтық сессияларды, семинарларды жүргізу;
Іс-шаралардың фасилитациясы кезінде құрылымды жасау және процестерді басқару;
Команда ішіндегі дау-жанжалдардың шешілуіне және өзара сындарлы қарым-қатынас орнауына ықпал ету.
Білім беру материалдарын жасау:
Оқу материалдарын, оның ішінде презентацияларды, кейстерді және оқу құралдарын әзірлеу;
Білім ресурстарын жаңартып отыру және компаниядағы өзгерістерге сәйкестендіріп бейімдеу.
Есептілік:
Статистика жүргізу және қызметкерлердің білім алуы мен кәсіби дамуының нәтижелері туралы есептерді дайындау.
Білім бағдарламаларының тиімділігін талдау және жақсартуға қатысты ұсыныстарын енгізу.
Біздің үздік үміткерімізде:
Ұқсас позициядағы жұмыс тәжірибесі бар;
Психология, білім беру, бизнес немесе осылармен шектес мамандықта жоғары білімі;
Тренингтерді, фасилитацияны және коучингті дайындау және өткізу бойынша тәжірибесі бар;
Тамаша коммуникациялық дағдысы және топтық процестерді басқару машығы бар;
Білім бағдарламаларын бейімдеу және жетілдіруде тәжірибесі бар;
Аналитика және деректерді есептерде ұсыну тұрғысынан тәжірибесі бар;
Тренинг және коучинг саласында оқуға және өзін-өзі дамытуға дайын әрі ниеті бар.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
KPI-ге қол жеткізу нәтижелеріне бойынша жылдық бонус;
Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
Корпоративтік ұялы байланыс;
Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;