Жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Жасай білу және жақсы көру керек:
Есептіліктің автоматтандырылған аналитикалық құралдары мен жүйелерін, ETL процедураларын жасау және қолдану, сондай-ақ аталған құралдар мен процедураларды Топтың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін пайдалану;
Компания белгілеген регламенттер аясында, биллинг циклін белгілеу, бақылау және оның ай сайын қаржылық тұрғыдан жабылу процесінің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету;
Тиісті деректерді жинауды, деректердің сенімділігін растауды және салыстыруды, тиісті есептерді жасауды, сондай-ақ оларды автоматты режимде ұсыну процесін қамтамасыз ету;
Биллинг жүйесінде биллинг кезеңі мен циклін қаржылық тұрғыдан жабудың барлық процестеріне қатысты құжаттамамен қамтамасыз ету;
Қаржылық ақпаратты ұсынудың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз ету;
Биллинг кезеңін жабу процесі бойынша аудиттің кез келген (сыртқы немесе ішкі) түрін және биллинг жүйесінің барлық тиісті процестерін қолдау;
Өзара есеп айырысу, ай сайынғы есептілік, деректерді ұсыну немесе биллинг кезеңінің жабылуы процесінде анықталған қателерді талдау мәселелері бойынша компанияның басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттестік орнату;
Компанияның жеткізушілерімен, және оның ішінде биллинг жүйесін жеткізушімен, деректерді ұсынудың дұрыстығы, сенімділігі және толықтығы мәселелері бойынша өзара әрекеттестікте болу;
Өзінің бастығына атқарылған жұмыс туралы есеп беру және биллинг есебі жөніндегі топтың басқа қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
Бізге не қажет:
Білімі: Жоғары техникалық;
Қиындық деңгейі әртүрлі есептерді жасау дағдылары;
АТ, CRM жүйелерінің, биллинг жүйелерінің немесе басқа да есеп жүйелерінің және/немесе деректерді тарифтеу жүйелерінің қызмет ету принциптерін білу;
АТ жүйелерге аудит жүргізу тәжірибесі;
IT және GSM серверлік, желілік және коммуникациялық жабдығын білу;
CRM жүйелерінің интерфейстерін және архитектурасын білу;
MS Office, SQL, PL/SQL, РСУБД Oracle ұйымдастыру, DWH, ETL, OWB құру принциптерін білу.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз
Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар;
Корпоративті ұялы байланыс;
Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонеменеттер;
Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
Бізге кел! Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз