Есептіліктің автоматтандырылған аналитикалық құралдары мен жүйелерін, ETL процедураларын жасау және қолдану, сондай-ақ аталған құралдар мен процедураларды Топтың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін пайдалану;
Компания белгілеген регламенттер аясында, биллинг циклін белгілеу, бақылау және оның ай сайын қаржылық тұрғыдан жабылу процесінің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету;
Тиісті деректерді жинауды, деректердің сенімділігін растауды және салыстыруды, тиісті есептерді жасауды, сондай-ақ оларды автоматты режимде ұсыну процесін қамтамасыз ету;
Биллинг жүйесінде биллинг кезеңі мен циклін қаржылық тұрғыдан жабудың барлық процестеріне қатысты құжаттамамен қамтамасыз ету;
Қаржылық ақпаратты ұсынудың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз ету;
Биллинг кезеңін жабу процесі бойынша аудиттің кез келген (сыртқы немесе ішкі) түрін және биллинг жүйесінің барлық тиісті процестерін қолдау;
Өзара есеп айырысу, ай сайынғы есептілік, деректерді ұсыну немесе биллинг кезеңінің жабылуы процесінде анықталған қателерді талдау мәселелері бойынша компанияның басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттестік орнату;
Компанияның жеткізушілерімен, және оның ішінде биллинг жүйесін жеткізушімен, деректерді ұсынудың дұрыстығы, сенімділігі және толықтығы мәселелері бойынша өзара әрекеттестікте болу;
Өзінің бастығына атқарылған жұмыс туралы есеп беру және биллинг есебі жөніндегі топтың басқа қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
Қойылатын талаптар:
Білімі: Жоғары техникалық, АТ;
Қиындық деңгейі әртүрлі есептерді жасау дағдылары;
АТ, CRM жүйелерінің, биллинг жүйелерінің немесе басқа да есеп жүйелерінің және/немесе деректерді тарифтеу жүйелерінің қызмет ету принциптерін білу;
АТ жүйелерге аудит жүргізу тәжірибесі;
IT және GSM серверлік, желілік және коммуникациялық жабдығын білу;
CRM жүйелерінің интерфейстерін және архитектурасын білу;
MS Office, SQL, PL/SQL, РСУБД Oracle ұйымдастыру, DWH, ETL, OWB құру принциптерін білу.
Жасалатын жағдайлар:
Медициналық сақтандыру;
Өз ішімізде және сыртта оқыту;
Корпоративтік ұялы байланыс;
Жылдық бонустар бағдарламасына қатысу;
Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
28 күнтізбелік күннен тұратын жыл сайынғы еңбек демалысы;