Биллинг есебі бойынша сарапшы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: қажет емес
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Есептіліктің автоматтандырылған аналитикалық құралдары мен жүйелерін, ETL процедураларын жасау және қолдану, сондай-ақ аталған құралдар мен процедураларды Топтың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін пайдалану;
  • Компания белгілеген регламенттер аясында, биллинг циклін белгілеу, бақылау және оның ай сайын қаржылық тұрғыдан жабылу процесінің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету;
  • Тиісті деректерді жинауды, деректердің сенімділігін растауды және салыстыруды, тиісті есептерді жасауды, сондай-ақ оларды автоматты режимде ұсыну процесін қамтамасыз ету;
  • Биллинг жүйесінде биллинг кезеңі мен циклін қаржылық тұрғыдан жабудың барлық процестеріне қатысты құжаттамамен қамтамасыз ету;
  • Қаржылық ақпаратты ұсынудың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Биллинг кезеңін жабу процесі бойынша аудиттің кез келген (сыртқы немесе ішкі) түрін және биллинг жүйесінің барлық тиісті процестерін қолдау;
  • Өзара есеп айырысу, ай сайынғы есептілік, деректерді ұсыну немесе биллинг кезеңінің жабылуы процесінде анықталған қателерді талдау мәселелері бойынша компанияның басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттестік орнату;
  • Компанияның жеткізушілерімен, және оның ішінде биллинг жүйесін жеткізушімен, деректерді ұсынудың дұрыстығы, сенімділігі және толықтығы мәселелері бойынша өзара әрекеттестікте болу;
  • Өзінің бастығына атқарылған жұмыс туралы есеп беру және биллинг есебі жөніндегі топтың басқа қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
Бізге не қажет:
  • Білімі: Жоғары техникалық;
  • Қиындық деңгейі әртүрлі есептерді жасау дағдылары;
  • АТ, CRM жүйелерінің, биллинг жүйелерінің немесе басқа да есеп жүйелерінің және/немесе деректерді тарифтеу жүйелерінің қызмет ету принциптерін білу;
  • АТ жүйелерге аудит жүргізу тәжірибесі;
  • IT және GSM серверлік, желілік және коммуникациялық жабдығын білу;
  • CRM жүйелерінің интерфейстерін және архитектурасын білу;
  • MS Office, SQL, PL/SQL, РСУБД Oracle ұйымдастыру, DWH, ETL, OWB құру принциптерін білу.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар;
  • Корпоративті ұялы байланыс;
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонеменеттер;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...