B2C өнімдері және бизнесті талдау бойынша менеджер
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Өнімдер бойынша бизнес-кейстерді есептеу (науқандарды, қызметтерді, жаңа тарифтерді және т. б. іске қосу);
  • Аналитикалық жұмыспен және нарықты мониторингтеумен айналысу, оның ішінде бәсекелестерді, шет елдердің тәжірибелерін, мақсатты сегменттердің қажеттіліктері мен коммерциялық көрсеткіштерді талдау;
  • Ауқымды деректер мен аналитика және қаржы қызметінің мамандарымен өзара тиімді байланыс орната отырып жұмыс істеу;
  • Жаңа өнімдерге қажетті қаржылық шешімдерді әзірлеу үшін, жұмыс топтарын ұйымдастыру және олардың жұмысына араласу;
  • Менеджмент саласы үшін, өнімдерді іске қосу, іске қосылғаннан кейінгі талдау нәтижелері туралы жүйелі есептерді құрастыру;
  • Техникалық құжаттаманы түсіну, ауқымды деректер көлемін құрылымдау;
  • Tableau Desktop көмегімен қолданбалы дашбордтарды жасау;
  • Бизнес-процестерді модельдеу, процестердің диаграммаларын жасау, графикалық модельдеу әдістерін қолдану;
  • SQL сұраулар тілін білу, әртүрлі көздерден алынатын деректерді өңдеу;
  • Excel-ді өте жақсы білу.
Бізге не қажет:
  • Жоғары білім (экономика, маркетинг, аналитика салаларында).
  • Телекоммуникация, IT, немесе қаржы технологиялары компанияларында өнімді жасаумен және дамытумен байланысты коммерциялық бөлімшелерде кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Өнімдерді және деректерді талдау (қаржылық аналитика) саласында кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Өнімдерді/қызметтерді іске қосу және басқару бойынша, сондай-ақ, оларды іске қосу жобаларына қатысу бойынша практикалық тәжірибе.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз
  • Гибридті немесе қашықтан істейтін жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр