В2В өнімдерінің және талдау менеджері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні

Жасай білу және жақсы көру керек:
● Есептілікті дайындауға және оларды CEO-1 және CEO-2 деңгейлеріне ұсынуға жауапты болу;
● Айлық нәтижелердің негізінде қойылған мақсаттарға жетуге және жоспарларды орындауға арналған аналитикалық материалдар дайындау;
● Басты кеңсенің стандарттарына сәйкес жасалатын апта сайынғы және ай сайынғы есептілікті жүргізу;
● Жоспарлардың орындалуына талдау жүргізу, аутқуларды анықту, басшыларға арналған аналитикалық есептемелерді және визуализацияларды дайындау;
● Бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түсімдер, клиенттер базасы және аймақтық деңгейдегі трафик сияқты қаржылық көрсеткіштерді болжау;
● Бизнес-сегменттерге арналған есептіліктің жаңа форматтарын құрастыру және бейімдеу және қолданыстағы есептемелерді автоматтандыру;
● Есептілік процестерін жақсартуға және оларды автоматтандыруға ықпал ететін дэшбордтар және т.б. деректерді талдау құралдарын жасау және оңтайландыру.
Бізге не қажет:
Өнімдер аналитигі ретіндегі жұмыс тәжірибесі 2 жылдан артық;
● Power BI жетік білу: есептемелер мен дашбордтар жасай алу, деректер визуализациясымен жұмыс істей білу;
● SQL жетік білу: сұраулар құрастыру, деректерді іріктеу, дерекқорлармен жұмыс;
● Excel озық деңгейде жұмыс істей білу (құрама кестелер, формулалар, графиктер);
● Бизнес-кейстерді есептеу тәжірибесі;
● Google Analytics/Firebase/Yandex Appmetrica есептілігімен жұмыс істеу тәжірибесі;
● Python жетік білу: синтаксисті және деректерді талдау негізін түсіну
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
·Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
· Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
· Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
· KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
· Корпоративтік ұялы байланыс;
· Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
· Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
· Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
· Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі

Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр