Командалардың өз мақсаттарына жетуіне және процестерін ұдайы жақсартып отыруына көмектесу үшін, оқиғаларды жоспарлау, шолу, өткенді шолу сияқты трайб/бөлімше деңгейінде ұйымдастыру және ынталандыру;
Персоналдың жетістікке жетуге қажетті білімдер мен дағдыларға ие екеніне көз жеткізу үшін, командаларға Agile әдіснамалары мен Scrum және Kanban, өнімге бағдарланған тәсіл, дизайн, ойлау және т.б. сияқты принциптерін өз ішімізде үйретуді жүргізу және сыртта оқуын ұйымдастыру;
Трайб/бөлімше/коучтар командаларының өз мақсаттарына жетуіне көмектесу үшін, олардың алға басуына бөгет жасап келе жатқан кедергілерді анықтау және жою;
Трайб/бөлімше/коучтар командаларының озық практикаларды қолданатынына, өздерін ұдайы жетілдіріп отыратынына және Agile тәсілінің артықшылықтарын толықтай пайдалана алып отырғанына көз жеткізу үшін, олардың Agile тұрғысынан қаншалықты жетілгенін бағалау және Agile деңгейін көтерумен айналысу;
Ұйымда Agile-ді ендіру үшін, басқа да тренерлермен және мүдделі тараптармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу.
Біз сенен не күтеміз:
Консалтинг/Agile-коучинг/Стратегиялық басқару/өзгерістерді басқару саласында кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибең бар.
Agile әдістері мен фреймворктарын білесің: Scrum, Kanban, Lean, OKR және т.б. Масштабтау әдістері мен фреймворктарын білесің: LESS, SAFE, трайбтар. Командаларда Scrum мен Kanban-ды іске қосу, қолдау және масштабтау бойынша тәжірибең бар.
Коучинг, ынталандыру, өзгерістерді басқару, ұйымдастырушылық басқару бойынша дағдыларың жете дамыған.
Jira, Confluence, Miro бағдарламаарымен жұмыс тәжірибең бар.
Біз не ұсынамыз:
Тұрақты жалақы және жылдық лайықты сыйақы;
Корпоративтік ұялы байланыс;
28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
Қосымша медициналық сақтандыру;
Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
MyBook-ке тегін жазылу;
Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
Алматы қаласының орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.