Алматы өңірі бойынша желіні құру жөніндегі өңірлік инженер
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Сізге нені сеніп тапсырмақпыз:
Бөлімнің жауапкершілігіндегі сайттарды іздеу, құру және жаңғыртудың жоспар-кестесін әзірлеу, Бөлімнің қызметіне қатысты есептілікті қалыптастыру;
Сайттарды іздеу, құру және жаңғырту статусын бақылап отыру, компанияның ақпараттық ресурстарында осы статусты көрсету, ағымдағы статусты ескере отырып, жұмыстың барлық аяқталмаған кезеңдерінің жоспарлы күндерін үнемі жаңартып отыру;
Қажетті жұмыстардың құрамын анықтау, мердігер ұйымдармен жобалау-іздестіру және құру-монтаждау жұмыстарына тапсырыстардың уақтылы аяқталуын ұйымдастыру;
Мердігерлер орындаған жұмыстарды қабылдауды ұйымдастыру, олардың жобалық және қабылдау-тапсыру құжаттамасына сәйкестігін бақылау;
«МТС» ЖШС ақпараттық жүйелерінде жалгерлік шарттарын орналастыру, оларды визалау мен оларға қол қоюдың уақытылы орындалуын бақылау, қажет болған жағдайда шарттардың стандартты емес талаптарының қажеттілігі мен орындылығын негіздеу.
Және сізден не күтеміз:
Жоғары техникалық білім;
Телекоммуникация/құрылыс саласында кем дегенде 3 жыл тәжірибесі;
Команданы және қашықтағы филиалдарды басқару тәжірибесі;
Құрылыс және энергиямен жабдықтау принциптерін білу, ҚНжЕ, ТПЕ және ҚТЕ білу;
Мына бағдарламалармен жұмыс істеу машықтары: Microsoft Outlook, Word, Excel, Project, Lotus Notes, Microsoft Visio, AutoCAD, 1С.
Ыңғайлы жұмыс графигінен бөлек, бізде мыналар бар:
Тұрақты еңбекақы және жылдық лайықты сыйақы;
Корпоративтік ұялы байланыс;
28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
Қосымша медициналық сақтандыру;
My book-ке тегін жазылу;
Фитнес қызметтеріне корпоративтік ұсыныс;
Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе Алматы.
Бізге кел! Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз